Берілмесін тек соғысқа еркіндік –
Қанипа Бұғыбаева
Бұл бетте «Берілмесін тек соғысқа еркіндік» атты Қанипа Бұғыбаева жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген.
Еркін дем ап тыныс алсын бұл кеудем,
Кең далаға шығайықшы жүр, сәулем.
Еркіндіксіз тұншыға бір күлгеннен,
Еркіндікпен жылағаным бір дәурен.
Тағдыр-ажал жетіп бұйрық, оқ төнсе,
Сөзіме емес, өзіме-ақ кеп дарысын.
Тілерім сол бұ дүниеде өткенше,
Еркіндікпен шықса болды дауысым.
Жақсылықтан кім жалығып жерінін,
Жақсылықпен жазылып бой, серпілдік.
Осы еркіндік саған, маған берілсін,
Берілмесін тек соғысқа еркіндік!
* * *
Жек көрем көңілімнің тыныштығын,
Қашанда қозғалыспен туыс күнім.
Хақым жоқ, жан қиналып, терім тамбай,
Жұлуға туған жердің уыс гүлін.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі