Анашым, Жаз,Қыс – Шекербек Жадыра

Бұл бетте «Анашым, Жаз,Қыс» атты Шекербек Жадыра жазған табиғат туралы өлең берілген.

Анашым
Анашымның ақ сүті маған қуат береді,
Ақ сүт берген анасын бәрі жақсы көреді.
Әлемде жоқ анасың, ас бересің әркімге,
Аналарды осындай мақтай бергім келеді.

Жаз
Жаз келді, алақай!
Ойнап-күлейік балақай.
Шаттанайық, күлейік,
Жаз болсын деп тілейік.
Қыс
Қыс келді, балалар,
Зулайды шаналар.
Аққала да жасайық,
Алға қадам басайық!
Н.Төреқұлов атындағы №121 ЖОМ-нің 2 «Б» сынып оқушысы
Шекербек Жадыра
2 «Б» сынып оқушысы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері