Бос сөз
- 0
- 0
Бос әңгіме өсекті ермек етер,
Кей адамдар желге ұшқан қаңбақтай.
Салмағы жоқ сөздерден қуат кетер,
Шөл далада қурап қалған жантақтай.
Әй, бауырым, сен неге өкпелейсің,
Бәріне де кінәлі өмір дейсің.
Өмірдің саған қандай жазығы бар,
Соны ойлап күндіз-түні көз ілмейсің.
Жақсы, Жаман - қасиет екі түрлі,
Әр адамның бойынан қалмайды екен.
Қызметтері екі түрлі болса да,
Тек біреуін өмірге таңдайды екен.
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі