БАҚЫТ – Нұрлыхан Сейтханов

Бұл бетте «БАҚЫТ» атты Нұрлыхан Сейтханов жазған бақыт туралы өлең берілген.

Іздемегін Бақытыңды жырақтан,
Біле білсең, Бақыт - сенің бойыңда!
Өмір деген тұрады сан сұрақтан,
Айналдырма қымбат сәтті ойынға!

Бұл өмірден сан ғасырлап көп адам,
Бақыт сырын өтіп кеткен біле алмай.
Бақытты олар сырттан іздеп, сандалған,
Уақытын жоғалтып ап, күле алмай!

Бақыт деген адамның өзінде екен
Ақ жолыңды биікке жалғайды екен.
Ойы жақсы адамның көзінде екен,
Бақытың сенен өкшелеп, қалмайды екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері