Жақсы мен жаман
Бұл бетте «Жақсы мен жаман» атты Нұрлыхан Сейтханов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жақсы, Жаман - қасиет екі түрлі,
Әр адамның бойынан қалмайды екен.
Қызметтері екі түрлі болса да,
Тек біреуін өмірге таңдайды екен.
Екеуі де адамды тыңдайды екен,
Бұйрық беріп екеуін жұмсағанда.
Кешіріммен қараймыз сондықтан да,
Кесірін тигізсе де қанша адамға.
Жаманды бойға жинау оңай дейді,
Онымен өмір сүру қиын екен.
Жақсылық жинау қиын болғанмен,
Ол шіркін тозбайтұғын бұйым екен.
Қанша адамды өзі ойлап шығарғандай,
Оларды түрлі жолға салады екен.
Жақсы менен Жаманды бірдей санап,
Жанына содан ләззат алады екен.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі