ҚАРТТАРЫМ-АУ – Нұрлыхан Сейтханов

Бұл бетте «ҚАРТТАРЫМ-АУ» атты Нұрлыхан Сейтханов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Азайып барасыңдар, қарттарым-ай,
Ұрпаққа ақыл берер даналарым.
Көбейіп бара жатыр керісінше,
Мына өмірде қылжақбас шалаларың.

Орынсыз айтысып, сөз жарыстырған,
Түріңнен бала-шаға күдер үзген.
Бос әңгіме өсекті ермек еткен,
Қарттарым-ай, көп жұртты түңілдірген.

Өзінің салт-дәстүрін құрметтемей,
Жастарды сезінбейтін баласындай.
Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан,
Қарттарым, қайтесіңдер, аласармай?!

Жасымыз уақытына сай болмаса,
Ұрпаққа не қалады ондай шалдан?
Әр адам өз орынын білсе екен,
Сый-құрметке бөлену - қандай арман?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

ҚАРТТАРЫМ-АУ өлеңінің авторы кім?

Нұрлыхан Сейтханов — осы өлеңнің авторы.

ҚАРТТАРЫМ-АУ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

ҚАРТТАРЫМ-АУ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрлыхан Сейтханов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

ҚАРТТАРЫМ-АУ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері