СУ
Бұл бетте «СУ» атты Нұрлыхан Сейтханов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Су патшасы Сүлеймен,
Су қасиетін кім білген?
Су - өмірдің тірегі,
Ой қабілеті кең екен.
Бу болып ұшып бұлтқа,
Жердің бетін көгерткен.
Тау-тастан шығып, бұрқырап,
Бұлақ болып, нәр берген.
Тіршілік сумен бар екен -
Қызметі судың нұр екен.
Шөл қандырған ғажайып,
Қасиеті бойда тұр екен.
Су болса, мақта ақ болар,
Тартылған теңіз қақ болар.
Сірә да көл мен теңізде,
Су патшалығы нақ болар.
Суды ішсең, мақтап іш,
Тал бойыңа ем болар.
Суды әрдайым сақтап іш,
Төрткүл дүниең тең болар!
ӨТЕ ТАМАША
ӨТЕ КЕРЕМЕТ
өте керемет
айтып жеткісіз
Негізгі мағынасы керемет ,кішкене ұйқасы жоқ сиақты мен үшін.
Оте керемет шыккан
Меніңше жақсы жазылған бірақ ұйқасы аздап жоқ сияқты
Өте керемет мағынасы да керемет мен жонс болам меен апай су туралы отайын деп жатканда айтып бердім. Рахмет сәзге????????????????????????
Рахмеь
Балаларға жаттатуға жеңіл, мағынасы бар,түсінікті екен.Рақмет! Талабыңа нұр жаусын!