Бұл бетте «Бос сөз» атты Нұрлыхан Сейтханов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бос әңгіме өсекті ермек етер,
Кей адамдар желге ұшқан қаңбақтай.
Салмағы жоқ сөздерден қуат кетер,
Шөл далада қурап қалған жантақтай.
Не пайда желге ұшқан қаңбағыңнан,
Адамға не малыңа пайдасы жоқ.
Артық емес шағылған жаңғағыңнан,
Күлі қалар, ешқандай айласы жоқ.
Күшке мініп, самалың құйын болып,
Бір орнында тұрғызбас қаңбағыңды.
Не жетсін, туылған соң адам болып,
Сауап іспен қуантсаң жан-жағыңды.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі