Қайран Бақыт! – Анар Талапқызы

Бұл бетте «Қайран Бақыт!» атты Анар Талапқызы жазған бақыт туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Бақыт-өмір, бақыт-көңіл,
Сәби, жастық кездерім.
Дүниеге шыр етіп түскен
Балалық жарқын күндерім.

Алақаны анаың аялайды өзімді,
Махаббаты әкенің жұбатады көңілді.
Нағыз бақыт осы болды
Қайран бақыт жылдарым!

Бақыт-сұлу, бақыт-нәзік
Түсіре біл қолыңа.
Ер жетіп, көңіл сезіп
Махаббатқа толтыра.

Егер тапсаң махаббатты
Мықтап ұста, босатпа.
Бақыт деген осы болар
Қайран бақыт, сен қашпа!

Бақыт күн де, бақыт түн
Кез болар да, жоғалар
Сол бақытқа қол созса
Бәріне бірдей тап болмар.

Дүниені кез, тыным таппа
Арманыңа жете біл!
Қиын жолдан тайынба,
Бақытыңды сезе біл!

Бақыт-таяз, бақыт-терең,
Тайынбауға сен де үйрен!
Мүмкін, бақыт қасыңда
Көрмей қалып, адаспа!

Қайран бақыт, қандайсын сен?
Кейбір жанды алдайсың сен.
Қайран бақыт, бар жанның
Қолына түспей қинайсың сен. (2003 ж.)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайран Бақыт! өлеңінің авторы кім?

Анар Талапқызы — осы өлеңнің авторы.

Қайран Бақыт! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайран Бақыт! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бақыт туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қайран Бақыт! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері