Көңілді қыс – Асел Мусаева

Бұл бетте «Көңілді қыс» атты Асел Мусаева жазған табиғат туралы өлең берілген.

Қар жамылды даламыз,
Қар жамылды көшеміз.
Ойынқұмар баламыз,
Бәрінде тез шешеміз.

Қар жауды деп көшеге,
Біздер саса қоймаймыз.
Қысқа лайық нешеме,
Ойын тауып ойнаймыз.

Жаурамаймыз, тоңбаймыз,
Мәз боламыз жарысып.
Асыр салып ойнаймыз,
Көк үстінде алысып.

Ақтап ұстаз сенімін,
Сабақтан да қалмаймыз.
Уақыттың көп бөлігін,
Ойынға тек арнаймыз.

Үйден ұзап жырақта,
Небір ойын ойнайсың.
Бәрі жақсы – ау бірақ та,
Доп қуалай алмайсың.

Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы.
"Үміт" мектеп - интернатының 8 сынып оқушысы
Жетекшісі: Курманалиева Гульмайра


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Орынгұл

Жақсы

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар