Өлең, жыр, ақындар

Ажал

Ажал келер кешікпей уақыт келсе,
Не айтасың ажалға, алам десе.
Шарасыз болып қаласың амалың жоқ,
Жанды беріп кетесің, аларың жоқ.

Бір кеткен соң, келу жоқ бұл өмірге,
Жалғанды қиып, ақ кебінді киесіңде.
Қабірге кірген соң сұрақ дайын,
Дайын болар амалыңмен есебіңде.

Жатасың жақсы болсаң рахат көріп,
Жəннəттағы орныңа назар салып.
Жаман болсаң тозағың тұр жалмаймын деп,
Қызыл отқа бір өзіңді тастаймын деп.

Тосып жатпай төсегіңде ажалыңды,
Көбейтіп қал салих болған амалыңды.
Ажал саған уақыт бермей, алып кетер.
Қаласың сорланып, зарлы болып,
Сүрген итше өмірің бекер қалып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз