Өлең, жыр, ақындар

Анаңдай асыл

Анаңдай асыл, ардақты.
Мінезі болса салмақты.
Шыдамы шынжыр үзетін,
Баласын ойлап, күтетін.
Жан жоқ екен ғаламда,
Анаңдай, ару жан жоқ ты.
Əлемді түгел шарласаң,
Жер менен көкті барласаң.
Желкеңді қияр құдайым,
Мейірбан болып анаңа.
Қызметінде болмасаң,
Қадірін білгің тіріде.
Қасиетті кісіңнің,
Өлместей көрме анаңды.
Біліп жүр ол да кетерін,
Кеткен күні ах ұрып.
Қалмағың жерге бас ұрып,
Ойлан да, толған сөзіме.
Еңбегіңді аяма, разы болсын анашың,
Разы болса анашың,
Жəннəттің құлпын ашасың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз