Ұлы октябрь

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 24.03.2018
  • 0
  • 0
  • 9367
Талайғы тарих тұрқыңда
Тапты тап жеп қанаумен,
Тапты тап жеп талаумен,
Тапталған тап тарыққан.
Табына талай құрбан боп,
Талай қызыл қырман боп,
Талайдың орны зындан боп,
Талайлар қажып қамыққан.
Талайлар жаудың торында,
Талайлар жаудың қолында,
Талайлар жаудың оғында,
Талайлар талай қан жұтқан.
Ел қан жұтқан қырғыннан,
Ер зарыққан шынжырдан,
Масайратып, мәз етіп,
Қандай қамқор ағытқан?
Сақтаған кім, панаң не?
Бұрқылдаған бораннан,
Жалтылдаған жасылдан,
Қалтылдаған қайықтан?
Патшалық құрған жуандар,
Жұртты сорған жыландар
Жағасынан алдырып,
Жағасын қашан айыртқан?
Ашынған топқа азан боп,
Асқынған топқа ажал боп,
Шауып, жаншып - жаныштап,
Жауды кім бүгін арылтқан?
Қажыған таптың қамы боп,
Қараңғы шақтың шамы боп,
Әлемнің әділ таңы боп
Алдыңды айқын танытқан?
Мешел ұлтқа арба боп,
Мешеу жұртқа тұлға боп,
Жол былай, жөн мұңдалап,
Даңғылында дамытқан?
Ел жауызын тізерлеп,
Жалмауызын жүгендеп,
Зарлы жұртты жұбатқан,
Жарлы жұртты уатқан?
Еңбекші елге қуат боп,
Жарқыраған шырақ боп,
Сарқыраған бұлақ боп
Қырға қыдыр дарытқан?
Ол кім? Қашан? Октябрь?
Октябрь ұлы - СССР.
Ол ұлға дәл он бір жыл,
Туысы тұңғыш тарихтан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлы октябрь өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Ұлы октябрь өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ұлы октябрь өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлы октябрь өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері