Мен сыншымын досқа да, дұшпанға да – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Мен сыншымын досқа да, дұшпанға да» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1271
Мен сыншымын досқа да, дұшпанға да,
Опасыз қыз, опалы мыстанға да.
Бұлаңдатар құйрығын шабынған ит,
Қылышқа ұқсап қыли көз сұстанғанда.
Көп ішінде өстім мен дара баспай,
Көрдім сіңбес дара асты арам астай.
Жыласам да, пендені жылатпадым,
Жауыздыққа жыбырлақ араласпай.
Керімсалдың көп төзіп тандырына,
Туған түздің шомылдым жаңбырына.
Сары аяздың шымшылай сүйгенінен
Балғын бетті болдым мәз жандыруға!
Мен сыншы ғой досқа да, дұшпанға да,
Опасыз қыз, опалы мыстанға да.
Бейне мүлік белгісіз жазған сөзім,
Өмір жасы білінер ұстанғанда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері