Асыл-дінім – gulkhan26

Бұл бетте «Асыл-дінім» атты gulkhan26 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Асыл дінім
Бисмилламен бастайын
Раббымды мен мадақтайын
Алла елшісі-Мұхаммед
Ең асылдың асылы
Оны мен мойындаймын

Мұсылман болғаныма қуанамын
Өз дінім,Исламыма бет бұрамын
Тәңіріме сансыз мадақ айта келе
Оң сегіз мың ғаламға Аллам ие

Бұйыртса бес парызды орындаймын
Таза болам,Зәмзәм суы бойындай
Ислам діні шіркін,ол ғажап қой
Мұсылмандар қалт қалмандар мойынсұнбай

Таза ниетпен сәждеге бас қояйық
Өсек-аян,әңгімені ұмытайық
Қанша ғасыр жалғас тапқан Ислам дінін
Біз мұсылман әрқашанда сақтайық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар