Ұлы даланың жасампаз ұрпағы
Дүр сілкінткен ерекше тым аспан менен жерді шын,
Оянайық тұрайықшы,құлшынайық,енді тың.
Жастар жылы-жастар үні екендігі айқын ғой,
Дауыстайтын, шырқайтұғын енді міне келді күн.
Біз ұрпақпыз-ата заңды ардақтаған ақтаған,
Дәстүр-салтты ұмытпаған, құрметтеген, баптаған.
Барын салған,жанын салған елі үшін әрқашан,
Шүкір еткен, еңбектенген, жатпаған.
Біз ұрпақпыз-үлкендерді сыйлап,баптап қарайтын,
Бізге сонда күліп қарап, нұрын шашар арай күн.
Шырайлы жүз, көркем мінез жасырылған ұяңбыз,
Бар болашақ, бар үміттер, бізде тіпті бар айбын.
Біз ұрпақпыз-әнұранын асқақтатар аспанында көгілдір,
Еліңе арнап ақ тілекті, әуезді әнді төгілдір.
Бата берді қариялар, тілек айтты осылай,
Ал балам-ай үлгі болшы биіктерден көрінгір.
Ата сөзі,сақталады санамызда әрдайым,
Үлкендерге сый көрсетіп, сұра әркез жағдайын.
Бірі мініп келместің кемесіне ал бірі,
Жағасында күтіп тұр ғой, осы міне бар уайым.
Біз ұрпақпыз-жанын салған болашаққа, өктемге,
Ауылда аңсап көп қараймыз көк орманға, көк белге.
Біздің жыл тек жаңалардың бастауы ғой ол анық,
Бізге тіпті жетіп жатыр жалғыз гүлде көктемде.
Жаңа нәрсе жарқ етері, етпесі де анық қой,
Бұған ғана мойынсұну білем рас ғаріп ой.
Ұлы дала ұрпағының жасампазы мен болам,
Болашағым сенде сірә мына мені танып қой.
Үміт күткен шырағынан, жыр ағыннан бұл ерке,
Сенде достым жатпа бекер, еңбектенгің, тұр ерте.
Біздің жылда босқа жату нағыз теріс ұғым ғой,
Өз-өзінен үміт күткен бұл жәй ғана Ақерке.
Тұрсын Ақерке
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі