Іңкəрмін – Бағлан Нұғманов

Бұл бетте «Іңкəрмін» атты Бағлан Нұғманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Іңкəрмін сені көруге, мазам кетіп,
Сағыныштың атына алдым мініп.
Тезірек жетсем деп, өзіңе асығамын,
Əр таңның шуағына шомылып.


Бір көрсем шіркін өзіңді арманым жоқ,
Сенсіз өткен өмірдің қызығы жоқ.
Көруге сені асығамын,
Ғашық болған жүректің,əнін салып.


Көңілім сен жаққа қарап алаңдап,
Келесің деген үмітпен, жүрмін тосып.
Бағымдағы гүлім деп бүршік жарған,
Иісі аңқып бар ғаламға тараған.


Келші енді тезірек, келші жаным,
Жүрегімді өзіңе тапсырамын.
Екі жүрек қосылып, бірге болса,
Сан қилы белестерден өтері анық.

Б.Нұғманов


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері