Сəбилерді тастаған – Бағлан Нұғманов

Бұл бетте «Сəбилерді тастаған» атты Бағлан Нұғманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бала сен тəттісің балдайын,
Саған іңкəр барлығы, айналайын.
Сенің күлкің ерітіп, жан жүректі,
Жүрегімді қуантып,елжіретті.
Баланы тастап қоқысқа, ана кетті,
Жылатып сəбилерді аямай.
Көздерінен жастарын, көлдей төкті,
Қиналған сəбилерге қарамай.
Не қылған заман келді басымызға?
Иттерін тастамаған далаға,
Еркелетіп иттерін, құшады да.

Баладан артық болды ит бүгін,
Осы қылық қанымды менің қайнатып.
Жүрегімді ауыртты осы, көзде мұң.
Неге солай болды екен құдай ай?
Арнасаңшы махаббатты балаңа ай,
Аналар жүр осы күнде, сəбилерге қарамай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері