Дұғай сәлем! – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Дұғай сәлем!» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.02.2018
  • 0
  • 0
  • 3437
Дұғай сәлем айта бар елге менен,
Түсіп жатыр жолдарға өрнек өлең.
Өлеңімен әуре боп жүрген балаң,
Өрлемеген,
Бақыты,
Өрлемеген!
Дұғай сәлем айта бар жолдастарға,
Сөйлеп кетсе үндері талмас таңға.
Сабақтастың сәлемі таусылар ма,
Арманы ортақ,
Тілегі жалғас жанға.
Дұғай сәлем айта бар құрбыласқа,
Қуанатын арай таң түндік ашса.
Келер күннің қадамы құтты болып,
Арман бар ма,
Жүрегі жырға ұласса!
Дұғай сәлем айта бар үлкендерге,
Қайран қарттар!
Қара жер бүркенген бе...
Сақтап келем жадымда жалтармаймын,
Қанат қағып, қалықтап жүрсем де ерде.
Дұғай сәлем айта бар кішілерге,
Бауырласым, бағамды түсінер де
Жиі ойлап жүремін жүрек сыздап,
Басқан сайын қадамым,
Ісім өрге.
Бар ма менен олардың айырмасы,
Тамар кейде көзімнің ауыр жасы...
Сияқтымыз құстардың қос қанаты
Сияқтымыз бір әннің қайырмасы.
Дұғай сәлем айта бар елге менен,
Түсіп жатыр қағазға өрнек өлең.
Өлеңмен әуре боп жүрген балаң,
Төрлемеген бақыты,
Өрлемеген!
Дұғай сәлем айта бар елге менен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дұғай сәлем! өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Дұғай сәлем! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дұғай сәлем! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дұғай сәлем! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері