Бұл бетте «Баян аты белгілі баяғыдан» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Баян атың белгілі баяғыдан,
Баян десем жапырақ жаяды жан.
Баурайында жасаған өнерлі ұрпақ,
Баянына арнамай,
Аяды ма ән.
Көрмесем де көкейге қанық —
Баян, Биігінде Баянның қалықтар ән.
Сұлулыққа қызығып сырттай мынау,
Дей алмаймын сенде мен қалып қоям.
Баян десе, мен көптен елеңдегем,
Сен емессің сырт көзге еленбеген.
Өзің жайлы қанша асқақ ән айтылып,
Ақындар әсерлеген өлеңменен.
Алатаудың жетеді асқақтығы,
Кете алмаспын еш жерге тастап мұны,
Жарасады жанымыз,
Сәніміз де,
Қысы-жазы қар жатқан аппақ шыңы!
Жарасады жаныма биіктігі,
Қалай ғана кетермін қиып мұны.
Жылылықтың барлығын жүрегіне
Тұрған жоқ па,
Тұс-тұстан жиып күні.
Алатаудың ортақпын мол сырына,
Қаншама ұлттар сыяды қолтығына.
Мен әзірше, бауырында жүргеніммен,
Түбінде бір шығарар,
Ол шыңына!..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі