Солтүстік самалы – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Солтүстік самалы» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.03.2018
  • 0
  • 0
  • 4701
Соғар тынбай
Солтүстіктің самалы,
Серуендетіп,
Серпілдіріп даланы.
Көк шыршалар жағалауда мүлгиді,
Керген талай —
Көне менен жаңаны.
Көк шыршалар —
Көкке ұмтылып бойлауда,
Бар ғой еркі,
Бойлауға да, ойлауға.
Қайғы кешкен,
Қайран сол бір бабалар —
Кетті дейтін, «итжеккенге — айдауға..
Келдім, міне, мен өзіңді жырлауға,
Өршіл өлең —
Өрнегімен сырлауға.
Кешегі бір
Кері аққан кер толқын
Үстіменен желқайықтар зырлауда.
Талай-талай
Түскен ауыр сындарға,
Өскен елдің ұрпағы едім шындарда.
Жамыраған
Жапырағы қайыңның,
Жауап беріп тұр ма дерсің жылдарға.
Соғар тынбай,
Солтүстіктің самалы,
Серуендетіп,
Серпілдіріп даланы.
Көк шыршалар жағалауда мүлгиді,
Көрген талай —
Көне менен жаңаны...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері