Тас шешей

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 23.03.2018
  • 0
  • 1
  • 6923
Жын қаққандай долданып,
Су жұлқына соғады.
Салдыр - гүлдір күркіреп,
Судан боран борады.
Қалбақтап қалақ бұлқынса,
Бұрқақтайды бораны.
Тас сырылдап айналып,
Бірін - бірі жонады.
Тас ұршықтың тесігі
Мамадан бидай сорады.
Суыра сорған бидайын
Шайнап, жұтып, обады.
Майда, малта мамық ұн
Тас толғақтан туады.
Сырғыта айдап ақ, ұнды
Кең шанаққа құяды.
Сабақта ине, дайындал,
Қарағым, қабын толады.
Бұрқылдақ ұн борасын
Бет - ауызға қонады.
Кірген кісі боз кемпір
Болады да қояды.
Бауырсақ, тоқаш, майшелпек
Әнеки әжең соғады.
Құймақ же ген кәрі атаң,
Кекіріп, қылды тобаны.
Күйік күлше - күлдемеш
Қойынға қойшы орады.
Жеген адам жетісті,
Нан екен бар болғаны.
Бітеуіңді уатқан,
Балаларды жұбатқан,
Кемпір - шалды қуантқан,
Тіршілік екен тиірмен,
Айырмай астық салалы...
Ағызып ағын төсінен,
Шайнап беріп өсірген,
Асыраған анаң кім?
Тас шешей сол болады.


Пікірлер (1)

Нұрай

Керемет!!!!!!! Алғысым шексіз!!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тас шешей өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Тас шешей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тас шешей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тас шешей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері