Теңізде кездескенше – fazillin

Бұл бетте «Теңізде кездескенше» атты fazillin жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жан досым, теңізде кездескенше,
Абай бол, бетпе-бет жүздескенше.
Теңізге шақыр досыңмен бірге қасыңды да,
Әңгімелес, дұшпандасып, күндескенше.

Толқындар тулап,
Шағала шулап,
Қаз қиқулап бара жатыр.
Таң тамаша,
Жан жараса,
Көз қараса, дала жатыр.

Табиғатын сезінейік, теңізге кел,
Соқса-дағы құйындатып теңізге жел.
Мына теңіздің керемет ағыстары,
Досым-ау келсең теңізге сені іздер ем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар