Қонақтар мен қожайын

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 24.03.2018
  • 0
  • 0
  • 6889
I

БІРІНШІ ҚОНАҚ- ҚҰДАЙЫ ҚОНАҚ
Қожайын:
− Алыңыз қонақ, алыңыз,
Сойғанымыз қартаңдау.
Қонақ:
− Бәсе, мом - мом...
Солай ғой,
Тарамыстау, қатаңдау...
Қожайын:
− Құданың жері қуаң боп,
Оңалмапты жануар.
Қылыш сырты қазысы,
Солқылдақтау жалы бар.
Қонақ:
− Қалыңға бұрын жүруші еді
Он қойға мұндай кәрі бие.
Ендігі мынау заманда,
Енді осының бәсі не?
Қожайын:
− Үкіметшілдеу құдамыз,
Өткізді маған түйе үшін.
Кім біледі, түбі не болар...
Жақтырмайды үй ішім.

II
ЕКІНШІ ҚОНАҚ- МИЛИЦИОНЕР
Қожайын:
− Алыңыз, жолдас, алыңыз,
Сойғанымыз қартаңдау.
Қонақ:
− Бәсе, мом - мом...
Солай ғой,
Тарамыстау, қатаңдау.
Қожайын:
− Жеріміз биыл қуаң боп,
Оңалмады жануар.
Қылыш сырты қазысы,
Солқылдақтау жалы бар.
Қонақ:
− Қалыңға бұрын өтуші еді,
Он қойға мұндай кәрі бие.
Ендігі осы заманда,
Енді осының бәсі не?
Қожайын:
− Ендігі бәсін кім білсін,
Қолтумам еді жануар.
Үкімет деп отырмыз,
Қалды ғой, балам, қалыңмал...
Қонақ:
− Қатты, қатпа кәрі екен
Алсаңыз да, түйе үшін,
Әдейі кеп отырмын
Сіздің осы бие үшін.
Қожайын:
− Оны сізге кім айтты?
Жаздым ба қонақасы ма?
Мұсылман қайыры басына
Жетер деген осы да.
Милиционер қонақ:
− Қалыңмалды қосшыға,
Деді үкімет, - бақыла.
Қосшы айтты, мен келдім
Кеңсаларға шақыра.
Қожайын:
− Құдай ұрды, қатын - ау,
Құдайы қонақ қосшы екен.
Жишы әрі! Жүрек лоблыды,
Тұздығы тым ащы екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қонақтар мен қожайын өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Қонақтар мен қожайын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қонақтар мен қожайын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қонақтар мен қожайын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері