Шал мен келіні

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 24.03.2018
  • 0
  • 0
  • 8245
Шал ыңқылдап, жоқ шыдам,
Ауырады ыңыранып.
Кепкен дене, сіңір жан,
Бірде суып, бір жанып.
Шалда түнде жоқ дамыл,
Тынбай сусын сұрайды.
Жылап, зарлап, келін жүр,
Көзінен жас бұлайды.
Шалды айнала жүгіріп,
Кемсең - кемсең жылайды.
Түнде тұрып, жығылып,
Дат қылады Құдайды...
Екі өкпесі қысылып
Кетті шалдың сорлының.
Кеткен кезде тұншығып,
Келін даусы болды жым.
Лоқсып - лоқсып қан құсып,
Шал тыншыды азырақ.
Келін көзден жас ыршып,
Қоя берді азынап.
− Мұнша бейнет мойнымда,
Тәңірі, саған не жаздым?
Арылмаған соры ма
Мен сықылды бейуаздың?
− Қой, жылама, сабыр ет,
Десті абысын - ажындар,
Ауру өле бермек пе?
Атаң байғұс жазылар.
Сонда келін сөзі кеп:
− Сорлатқаны Құдайдың,
Осы әтиім тезірек
Өлмегенге жылаймын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шал мен келіні өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Шал мен келіні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Шал мен келіні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шал мен келіні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері