Шөлмек

Бұл бетте «Шөлмек» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.04.2019
  • 0
  • 0
  • 6032
Сөйлеген сөзім ыңғайлы,
Құмартып халқым тыңдайды.
Шайырдан шатақ сөз шықса,
Күлістік етіп көбісі,
Бір-біріне ымдайды.
Сөз өлшеуін білмеген,
Шағалаша шулайды.
Кәнігі зергер кәтекі,
Орынсыз дүкен құрмайды.
Кездік соқса, кемсінбей,
Өткізіп сыннан шындайды.
Қалуатсыз қас сыпа,
Орынсыз мәжіліс құрмайды.
Мұзды балақ, қанды көз,
Аң көрмей, мойнын бұрмайды.
Тал жібектей таза сөз
Еш жерінді жырмайды.
Жағдайсыз сөздің мысалы —
Шеңгелше етек тырнайды.
Жақындатпа жаныңа,
Ниеті бұзық сұмырайды.
Парасатсыз көп надан,
Қобыз қылған қурайды.
"Жолға маман болдым" деп,
Айтып, сөзді былғайды.
Жазған сөзім қыдырды
Орал менен Торғайды,
Хорезм жұрты хабарлы,
Шорахан, Төрткүл, Шымбайды.
Киіз үйлі қазақтың адам.
Есіткен жері сөзімді
Аяқасты қылмайды.
Бұл мәурітпен жүргенде,
Жас деген, шіркін, ұлғайды.
Бақардағы кеп ылғал,
Шілде түссе құрғайды.
Үйреніп қалған он саусақ,
"Ұста, - деп, - қалам" тынбайды.
Жан барда, тілім, жайтаңда,
Себепсіз шөлмек сынбайды!

1924


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шөлмек өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Шөлмек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шөлмек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шөлмек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері