Егінші жыры – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Егінші жыры» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2018
  • 0
  • 1
  • 9384
Көктен нұрға шомылған,
Жерден жібек жамылған;
Біз еңбекші - егінші,
Егін еккен Ленинше.
Жайдары жазым жалбырап,
Жапаным, далам балбырап;
Күнім көктен күліп тұр,
Келгенімді біліп тұр.
Білектерді сыбанып,
Қосқа шықтық құралып.
Торқадай топырақ туырылттым,
Уыстан шашу суылттым.
Тұқым тырс - тырс тасталды,
Жырымыз жаңа басталды.
Көктен нұрға шомылған,
Жерден жібек жамылған;
Біз еңбекші - егінші,
Егін еккен Ленинше.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Кәусар

Ттапақтары күшті

Осы автордың басқа өлеңдері