«Шоқпарға» – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте ««Шоқпарға»» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.03.2018
  • 0
  • 0
  • 5301
Талай жылғы тандыр тау,
Талайғы кәрі байғұс - ау,
Мәзбісің тек жатқанға?
Тұншықтырып мұздарың,
Көмірдей күйе құздарың
Булықтырып жатқанға?
Құрыш қашау, алмас шот,
Буды мінген, бүріккен от
Басыңнан аса шапқанда
Шыдарсың, қалай шыдарсың?
Біз қоймаспыз жатқанға.
Еріксіз қойныңды ашарсың,
Қойныңнан шашу шашарсың,
Енбек қақты қақпаңа.
Өзгерте соққан балғамен
Кақпанды қатты қакқанда
Алысың бар ма таусылмас,
Ышқынып, ойнап пысқырып,
Танабыңды тартқанда...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері