Жетерміз бе тілекке

Бұл бетте «Жетерміз бе тілекке» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.03.2018
  • 0
  • 0
  • 4840
Ақылдың аузын шарт байлап,
Қосылуға серт ойлап,
Бердік билік жүрекке.
Алдымызда асқар тұр,
Ауыр, ауыр тастар тұр,
Тұрмыз әзір түнекте.
Сол асқарды асқанша,
Сол тастарды басқанша,
Талай бейнет шегерміз.
Бәлкім, тауда ұрынып,
Бәлкім, тасқа сүрініп,
Құрбандық боп өлерміз.
Әлде жолды ашармыз,
Әлде асқарды асармыз,
Қосылармыз армансыз.
Бізге бақыт кез болып,
Иесі оның біз болып,
Қосылармыз алаңсыз...
Әңгіме боп ермекке,
Дос азайып кембекке,
Жау көбейер ұрмаққа.
Шулатармыз талайды,
Істің алды қараңғы,
Ойлар ауыр кей уақта.
Қадір қалмай тырнақтай,
Қырық кісі бір жақтай,
Қыңыр кісі біз болып,
Айналаның қылығы,
Бізге қоғам билігі,
Жарамызға тұз болып,
Аяғандар «байғұстап»,
Жылағандар қарғыстап,
Жұмыртқа боп шіріген.
Жанның бәрі таң қалып,
Жау өшігіп, қамданып,
Айрылғандай үйіріңнен.
Сүйеу қылып көңіліме,
Сүйдім сені өміріме,
Саған қояр сұрауым,
Сен де «сүйдім» дедің бе?
Жүрегімді идірген,
Ғашығымсың күйдірген.
Мен разы өмірге,
Сүйген үшін сүйдірген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жетерміз бе тілекке өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Жетерміз бе тілекке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жетерміз бе тілекке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жетерміз бе тілекке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері