Ақын мен Мақым – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Ақын мен Мақым» атты Ілияс Жансүгіров жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 25.03.2018
  • 0
  • 0
  • 5677
Мақым деген бақсы болды,
Тамыршы, құмалақшы болды.
Ақ тоқымды жаяр еді,
Бір ысқырып қояр еді.
Қырық бірді шашар еді,
Бір сарынға басар еді.
Бұлдыр тұман бірдемені
Отырар еді тантып тегі.
Өзі тіпті күлмеуші еді:
Күңк,
Күңк,
Мыңқ,
Мыңқ
Үндеуші еді.
Әлдекіммен сөйлескендей,
Оттың басын үрлеуші еді.
Ап!
Сап!
Қара пышақ!
Ай құлақ!
Бақ!
Бақ!
Бақ!
Бақ!
Оқыранып, Мекіреніп,
Кейде жаман екіленіп,
Мұның тілін, жын болмаса,
Тірі пенде білмеуші еді.
Біздің маубас ақын болды,
Ақын болса, Мақым болды.
Сөз дегенің қырық құмалақ,
Ақ қағаз - ақ тоқым болды.
Аунап тапты, күлден тапты,
Әйтеуір бір түрлер тапты.
Қырық жіліктеп бөлшектейді.
Ұстатпайды, өлшетпейді. Жырқылдатып,
Тырқылдатып, Ыңқылдатып,
Қырқылдатып, Бұтып,
Шатып...
Сөз сорлыны қуалайды.
Сөз сайысып тұра алмайды.
Оны қуып оқыған жан,
Сүрінеді, тұралайды.
Өлең деген быт - шыт болды.
Күй, көркемдік ұмыт болды.
Ішек - қарны ақтарылды,
Быт - шыт болды.
Быт - шыт болды.
Өлең деген бұл ақынша.
Бақ! Бақ! Болды. Қық! Қық! Болды.
Так! Так! Болды. Пық! Пық болды.
Таптық, міне, осы жолды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын мен Мақым өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Ақын мен Мақым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын мен Мақым өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын мен Мақым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері