Бай, бәйбіше
Бұл бетте «Бай, бәйбіше» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
(Қосшы тойына)
Ауыл анау. Байдың үйі жапырақ.
Байың анау қайта - қайта қақырып,
Қамығады, байбаламды сап отыр.
Бәйбіше анау - баптап саумал сапырып.
Бай:
− Ой, бәйбішем! Мұндай күн бар екен.
Құй, бәйбішем, саумалың тым бал екен.
Бәйбіше:
− Саумалым бал, саған ғана сақтап ем,
Білейін деп жаста көңілі бар ма екен.
Бай:
− Жасы құрсын, жасты алатын мал екен.
Тоқал құрсын, законы тым тар екен.
Бәйбіше:
− Еһе, еһе, енді осылай көштің бе,
Тоқтаса екен, тоқал тобаң шал екем.
Бай:
− Осы күнде ұстап жатыр ұрыны.
Жесір сөзі, жердің дауы құрыды.
Бәйбіше:
− Шапқыласып шабындықты бөледі деп,
Қоңқиып жүр қосшылардың мұрыны.
Бай:
− Қосайға айтшы, қоңыр атты ерттесін.
Түйе қайда? Біреуге қой кетпесін.
Бәйбіше:
− Бүгін тойы, жалшылардың бірі жоқ,
Малшылардың ертіп кетті төрт - бесін.
Бай:
− Мына сығыр, не дейді ойбай,
Қосай да Кеткені ме сұр шолақпен сол тойға?
Бәйбіше:
− Кетпе дедім, кекеді де жөнелді,
Жетіліп тұр, айтқаныңмен босай ма?
Бай:
− Қатынына айт, қойға барсын, жүгірсін,
Қой жоғалды, қайда кетті, кім білсін.
Тоба... тоба, тойдың түбі бір сұмдық,
Тағы үйретеді қосшыларға бір қулық.
Бәйбіше:
− Жерді - суды тойда түгел айтады дейді,
Комиссия келер әлі - ақ у - шу қып.
Бай:
− Сығыр Құдай!
Сиыр қуды оқыра.
Жылқы кетті бөгелектеп шоқыра.
Бәйбіше:
− Құл құтырды, күң жетілді, малға бар,
Айрылармыз осы ойбаймен отыра.
Бай:
− Ойбай, белім, буын неге бұлтылдайды?
Бәйбіше:
− Қойшылар жоқ, қой күзетсем, ұйқыны айт.
Бай:
− Қой күзетер бір жас адам керек - ау!..
Бәйбіше:
− Қой оныңды, бәйбіше әлі құйтыңдап.
Бай:
− О, Құдай - ау, біз не қылдық, жасаған!
Жалшы кетіп, үңірейді босағам.
«Атқамінер», «ақсақал» деп айтады дейді,
Қалса игі еді, қатын, сірә, бас аман.
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі