Кетсе де алдап сағымдай үміт арман
Бұл бетте «Кетсе де алдап сағымдай үміт арман» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кетсе де алдап сағымдай үміт арман,
мен сені ұмыта алман:
төгілген көз жасым үшін,
жүрегімдегі қорғасын үшін;
саған ессіз сенгенім, сезгенім үшін;
сен үшін достардан безгенім үшін;
сені құшып тұрып пәктікті армандағаным үшін –
арланбағаным үшін;
сен бардағы мұңсыз күндерім үшін,
тілеулестерді күрсіндіргенім үшін;
аймалап-құшқан қылықтарың үшін,
дүниені ұмытқаным үшін;
өкініш қарыған жалын мұңым үшін,
сонау бір сағым күнім үшін
мен сені ұмыта алман.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі