Бәрі менің есімде – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Бәрі менің есімде» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.03.2018
  • 0
  • 0
  • 10257
Бәрі менің есімде:
сені күтіп терезеден қараумен
минут санап тұрғаным,
жанымды өртеп бір жалын;
сөндіре алмай сағыныштың мұңдарын;
сосын сенің кіріп келер сәттерің,
тілсіз, үнсіз аймаласқан тәтті ерін…
қос жүректе – ақ сезім мен пәк сенім;
көп ішінде сыр ақтарып көзбенен,
жырақ шығып өзгеден
оңашарақ қалуды ылғи көздеген;
сәтке ынтығып шырын-бал,
қол ұшынан бойға тарар жылулар,
тек екеуміз түсінетін сыбырлар;
құлақ қоймай еш үнге,
сезім селін ынтығып бір кешуге
аласұрдық.
Бақыт па бұл, кесір ме?
Бірақ бәрі есімде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәрі менің есімде өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Бәрі менің есімде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәрі менің есімде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәрі менің есімде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері