Бұл бетте «Өрттей алма ұсынып ем, алмадың» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өрттей алма ұсынып ем, алмадың,
тұрып қалдым жаншылғандай арманым:
- Алма – сезім, ал Сіз мені сүймейсіз…
Естімедім ар жағын.
Қызыл алма жүректегі қан сынды
өз қолыммен қара жерге жаншылды –
күтпеп едің бұлай аяқталуын,
сені алмадан ұшқан шырын тамшы ұрды.
Келем зулап сұр жебенің ұшындай,
жымиды да, сүт-сәулесін ұсынды Ай…
Қуып жетіп, кес-кестедің алдымнан
шыға келген көрші әйелден қысылмай,
сен құсбегі, мен үкілі құсыңдай,
қойдың сосын ұшырмай.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі