Әріптес – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Әріптес» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.03.2018
  • 0
  • 0
  • 5130
Анаған да жақсысың, мынаған да,
жақсылығың жоқ бірақ жылағанға.
Қарапайым танысқа бұрылмайсың,
көз әйнегің айтып тұр: «Бұ да адам ба!»
Зарлап жүріп болады кілең жолың.
Жақсы, жаман көруің біреуді, оның
қоғамдағы жайына байланысты.
Сезем содан өзіңде жүрек жоғын.
Бірде маңғаз, жүресің сайран құрып,
бірде – байғұс, құбылған қайран құлық!
Сәл пайдасы тиетін сәтте әйтеуір
кімді болсын аласын айналдырып.
Судай сіңіп кетесің майлы ортаға,
май асаған бөрілер жәй жорта ма!
Біреулердің түтіні тік кетерін
біліп ала қоясың қайдан? Тоба!
Түрің – аңқау, түспейсің жылымға құр,
жылмаңдармен ымың да, жымың да бір.
Сөз сөйлесе – періште, өзі бірақ
биліктінің құнжыңдап ығында жүр.
Ұлы адам ба, қарамай, ұры адам ба
келісімге келесің пұл аларда.
Биліктінің барлығын аға қылдың,
қасиет-ау сіңетін бұ да қанға.
- Мынауыңыз кім? Таныс секілді өзі…
- Е, есімін қайтесің. Бір ағаң да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әріптес өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Әріптес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әріптес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әріптес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері