Бұл бетте «Биік шың» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көкке бойлап тәкаппар
Жағада тұрды биік шың,
Ақпанда борап соқты қар,
Шілдеде қайнап төнді күн.
Сәуірде торлап көк тұман
Сәуледен бойын жасырды.
Сонда да тіп-тік қиядан
Мұнар боп көзге басылды.
Құтырған теңіз шу басып
Жарына соқты күндіз - түн,
Асау құз бұлтпен айқасып,
Айбатпен жанға қатпады үн.
Маңында гүлдеп бәйшешек,
Бас иді миуа ағашы.
Таласа өскен көкке өрлеп
Күн сүйді кербез шың басы.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі