Мансап үйі – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мансап үйі» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.03.2018
  • 0
  • 0
  • 3952
Мансап үйі – қақпақты қыш құмыра,
енсең орар рақат ыстығына.
Өскен сайын мансаптың баспалдағы
соғұрлым мол былығы, бықсығы да.
Ардың мұнарасы деп ығында ықтар
ұғынатын бұл үйді бұрын жұрттар.
Ізгілік деп жар салып, ал өзінен
тарайды екен айла мен зұлымдықтар.
Онда орын жоқ бұралқы адалдарға,
адалдықты ту етер заман бар ма.
Мансап үйі түшкірсе, «жәрекім» деп
жығылғандар жақындап барар ханға.
Түкке тұрмас еңбегің – киелі ісің,
ісің еленбейтінін түйеді ішім.
Өзіңді адам сезініп жүру үшін
болуы шарт бір дөкей сүйенішің.
Онсыз аттай алмайсың қарға адымға,
қажет емес ісің бе, салмағың ба.
Мансапты орта септейді әр адамды:
«Мынауыңның кім тұр, - деп, - әр жағында?»
Онда әркімге бұйырмас төр іргесі:
жерлес, туыс… ерсі екен мұның несі?!
Қылмысы ортақ жолдасы, ең аяғы
күні түсер біреудің көңілдесі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері