Тəн лəззатын таба алмай, жан құмарын –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Тəн лəззатын таба алмай, жан құмарын» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тəн лəззатын таба алмай, жан құмарын
Сан жұлдызға телмiрiп сандырадым...
Көзiңдегi көлiңдi сарқып iшiп,
Қашан ғана шөлiмдi қандырамын?
Талшыбығым,
Майысқақ талқұрағым,
Сенсiз қалай күн кешiп, қам қыламын?
Жалын құшып, жан-денем оттай ысып,
Балыңды iшiп тауыса алмай балбырадым.
Тоқтау бiлмей тоңмойын арғымағым,
Толқын-толқын сезiмдi жарға ұрамын!
Алып қашып барады əлдене күш
Қайтқызбай да айтқызбай арғы жағын...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі