Бұл бетте «Қызғаныш пен зұлымдық» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қызғаныш пен зұлымдық –
бақытсыздың құзыры.
Серігі сол ғұмырлық,
жоқтай өзге қызығы.
Тыныштық жоқ, маза жоқ
бақытсыздың жанында,
ішін өртер азап от
шарпығандай жалынға.
Талқан етер тасты да
қызғаныштың улары.
Зәр шашсам деп жақсыға
шырылдайды қу жаны.
Талайларды көлбетті,
арам, шірік ойы да.
Ызалансаң, ол дертті
жұқтырасың бойыңа.
Сыртымнан оқ атты деп
сен де садақ толғама;
адалдық пен ақ тілек –
қос қорғаның сол ғана!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі