Саясат
Бұл бетте «Саясат» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Саясат та – бір сайқал,
сыйқырлайды жас ұлды,
«Бір іліксең, - жұрт айтар,-
ала-алмайсың басыңды».
Тиіп кетсе бүйірге,
себер жанға бар уын.
Аппақ адал күйіңде
мүмкүн емес қалуың.
Зыр жүгіртер, қартайтар,
жаныңды арбар тақ күліп,
қашан сені ол сайқал
тастағанша лақтырып.
Саясаттың соңында,
талай асыл кетті өліп.
Жағынып бір тобырға,
екіншісін жек көріп.
Сезімі көп, сұмдығы аз
ақын ғана жыр өрер.
Ағысы мол, құрлығы аз,
саясат та – бір өнер.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі