Өсиет – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Өсиет» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.03.2018
  • 0
  • 1
  • 9490
Жақсыларда бір Ана –
ол – Ел деген ғұлама.
Перзентінің бірі – бас,
бірі – еліне бұғана.
«Өзі болған жігіттің
түп атасын сұрама»,
сындырам деп сынама.
Көргенді елдің ұлдары
бірі – бауыр, бірі – аға,
таласпайды мұраға.
«Елім» деген ерлерді
жықпа жардан жыраға!
Алмастырма байқаусыз
мейріміңді күнәға!


Пікірлер (1)

Дария

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері