Бұл бетте «Бай болам деп бір демде» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бай болам деп бір демде,
омақаспа, қарағым.
Ақыл айтсам мін көрме,
құлақ салсаң, жарадың!
«Ана біреу бозамық, -
деме, - менен артық па?!»
Болмағанмен өзі алып,
ар жағында бар тұтқа:
қайын атаның құрығы,
оны талтаңдатып тұр,
қазынадан бар шығыны,
ақша табар жатып құр.
Баиймын деп он айда,
жанталаспа жұлқынып.
Баю деген – ол – айла,
бойлатпайтын бір тұнық.
Байыр ебін тапса кім,
білсең, байлық шіркін-у:
қалтасынан басқаның
ебін тауып қымқыру.
Ондай ебің жоқ па еді –
пайда іздеме жер-көктен:
байлық-дерттің от-демі,
талайларды мерт еткен.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі