Ерме – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ерме» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.04.2018
  • 0
  • 0
  • 4964
Сөзге ермес жолдас. Ол да – арман,
ермеден басыңды алып қаш.
Өзіндік пікірі жоқ жаннан
адамдық шығып жарытпас.
Тіккеннің жұртқа құлағын
адалдығы да күмәнды.
Күн туса дайын бұларың
нанды аттап алуға құранды.
Ондайлар таймас, тайсалмас
үндемей тастауға өрт іштен.
Қиянат жасаудан жасқанбас
жұрттың сөзімен тон пішкен.
Ерменің жайы жұртқа әйгі,
сен одан елдік салт күтпе:
өлтірсең де, одан шықпайды
мәніс білу де, мәрттік те.
Сөзі мен серті бораған,
болмысы бейне күн қысқы.
Өзіндік пікірі жоқ адам
қылмыскерден де қылмысты.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері