Түстер – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Түстер» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.04.2018
  • 0
  • 0
  • 10705
Болатын аппақ түстер көңіл ашар.
Жасыл түс – жасыл дүние төрін ашар.
Айбары сескендірер еді жұртты
ұстаса қара дойыр қолына шал.
Қызыл түс қыздай еді жаудыраған,
бұл күнде басқа арнаға ауды ғалам:
ағы – ақ, қызылы да – қызыл емес,
қалмаған жан талғамы сау бір адам.
Мырсылдап келін жылап, ана жасып,
бала жүр әкесімен жағаласып.
Дүние әлем-жәлем болып барады,
ақ жолақ, қара жолақ араласып.
Жақтырмай жасылды ма, қараны ма,
дүниенің іші-сырты ала-құла.
Алапес тіршілікте бір сатыда
адамның жақсысы да, жаманы да.
Табиғат – алуан түсті асыл кілем,
аласыз әр түске де басымды ием.
Жалғанды жарқыратар түстер қайда:
ақ, қара, көк пен сары, жасыл, күрең?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түстер өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Түстер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түстер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түстер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері