Адамға өмір сынақ – Гулназ Кабулова

Бұл бетте «Адамға өмір сынақ» атты Гулназ Кабулова жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 24.04.2018
  • 0
  • 1
  • 12599
Өмір-өзен жылжып өтіп барады,
Біреуге жай, біреуге тез ағады.
Байқамайды, бірақ, шіркін адамдар,
Уақыт қалай жылдам өтіп барады.

Өмір берді, Құдай бізді жаратты,
Адам ата Хауа анадан таратты.
Нәсіп етіп, Алла берген ғұмырды,
Жасайықшы жақсы амал сауапты.

Амал жаса, құлшылық қыл бауырым,
Берілмейді өмір қайта сен ұғын.
Тілегіңді қабыл етіп, жаратқан,
Құтыларсың аман-есен сынақтан.

Өмір шіркін қызық екен,
Сынайды олай, бұлай да.
Көрсек те сынақ, бәріне шыдап,
Сабырлық керек бірақ та,
Болармыз сонда, жұмақ та.


Пікірлер (1)

Жұпар

Сәлеметсіздерме?! Мен туған күнге құрдастарға арнаған өлең жүктеуді жіберем, ал сіздер басқа дүние жібересіздер.орсы тілінде сұрасам тез дәлме дәл жауап берсеңіздер.неге.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері