Ана – Гулназ Кабулова

Бұл бетте «Ана» атты Гулназ Кабулова жазған ана туралы өлең берілген.

  • 20.04.2018
  • 0
  • 1
  • 5453
Анашым сенен артық мейірімді жан бар ма?
Мәпеледің әлди айтып, ақ сүт бердің әр таңда.
Түніменен кірпік қақпай ұйықтасын деп бөбегім,
Шаршасаң да, қажысаң да байқатпадың еш жанға.

Осылайша бақтың, қақтың өсірдің,
Ризамын мен анашыма өзімнің.
Ұзақ болсын ғұмыр жасың, қызығың,
Тілеймін сізге жақсылықтың жылуын.

Аналарды құрметтейік әрдайым,
Сонда ғана риза болар Құдайым.
Аман болып жүріңіздер өмірде,
Тілерім сол күліп жүрсін,
Жүрсін мәңгі әрдайым.


Пікірлер (1)

Жазира

Кушти жарайсын Алла разы болсын. Магыналы олендер

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері