Өмір сынды шахыматтың тақтасы – Ерхан Болатұлы

Бұл бетте «Өмір сынды шахыматтың тақтасы» атты Ерхан Болатұлы жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 11.05.2018
  • 0
  • 0
  • 3178
Күндес туған,
Қарасы мен ақ – қасы,
Шекер әрі шырт түкіртер шақшасы.
Алға жүрсең орала да алмайтын,
Өмір сынды шахыматтың тақтасы.
Бар пендеге ашық тұрған қақпасы...

Оған ақыл,
Қажет енше айлалық,
Шалыс қылса, екі жейсін, пайда-ұқ.
Сабырлықпен күту керек ақырын,
Өз алдыңа келер күнді айналып.
Шекті заңның кіндігіне байланып...

Тездетейік,
Уақыт жатыр саналып,
Екі мәре, қыл-көпірлік, аралық.
«Биге» - жетсе, өз қолыңда билігің,
Осы жолда жанкештіміз жаңалық.
Жан берген біз,
Сенерсіз бе, жан алып?!

Дамылдауға,
Мұрсат жоқ деп үзік біз,
Талай мәрте ойын шартын бұзыппыз.
Қос пырағым жығылғасын әуелі,
Маған сірә көрінеді қызықсыз .
Төрешіміз төрелігі түсніксіз...

Әділ қазы сарапшысы ақырет,
Жаббар ием жаратқаным рақым ет.
Қалт жібермес қамқы тірлік алданыш,
Тағдыр ашық сабағыңа рақымет...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір сынды шахыматтың тақтасы өлеңінің авторы кім?

Ерхан Болатұлы — осы өлеңнің авторы.

Өмір сынды шахыматтың тақтасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір сынды шахыматтың тақтасы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір сынды шахыматтың тақтасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері