Өлең, жыр, ақындар

Тұтқын

  • 04.06.2018
  • 0
  • 0
  • 5242
(Лермонтовтан аударма)

Ашыңдаршы тар қапасты,
Көрсет күнді, соқсын жел.
Қара көзді қарындасты,
Қара жалды атты әкел!
Жас сұлуды сүйейін де,
Құмарта бір құшайын,
Ырғып атқа мінейін де,
Қырға жел боп ұшайын.
Түрме есігі құлыптаулы,
Терезесі тым биік:
Алыс жатыр қыздың аулы
Үлде киген, гүл сүйіп.
Жасыл дала, жүгенсіз ат,
Жүр жайылып еркімен;
Ортқып ойнап, тауып рақат,
Құйрығын жел желпіген.
Жұбаныш жоқ жалғызбын мен,
Жан-жағым жар, сыз бен шан,
Сәулесінен күдер үзген
Өлеусіреп жанған шам.
Есік сыртын естіп анық,
Отырмын мен, түн іші;
Ерсіл - қарсыл басады нық
Тілге келмес торушы.
* * *
Аттанып жылы шуақ бөгде жақтан
Асығыс солтүстікке сапар тартқан
Жолаушы ем, бердім сәлем саған,
Қазбек Сақшысы күншығыстың айбары артқан.
Сәлдедей ғасырлық қар жатқан борап,
Әжімді маңдайыңды алған орап,
Бұза алмас сенің ұлы тыныштығыңды
Пенделер такаббарсып, тартқан сорап.
Бірақ та жүректің жай айтқан мұңын
Әкетер қағып алып сенің шыңың,
Жеткізер алла тағы биігіңе,
Жусаған жұлдыздарға жетер шыным.
Тілеймін салқын самал ессе екен деп,
Күн ыстық, шаңдақ жолда келем жүдеп,
Сұрықсыз сұр далада шаңқай түсте
Аунар ем тас үстінде тыным тілеп.
Тілеймін болмаған деп жауын-шашын,
Жарқылдап бес аспабы, басынбасын,
Күп - күңгірт қуысында Дарьялдың
Қалмайын арық атпен сорлы басым.
Тағы да, тағы да бар бір тілегім!
Дірілдеп, айта алмаймын, жан-жүрегім!
Ойпырм - ай, не болармын мені мүлде
Ұмытып кеткен болса туған елім!
Бұрынғы табылар ма ыстық құшақ?
Жан бар ма сәлемдесер сол кезге ұсап?
Таныр ма дос-жараным, туыстарым,
Көп заман аударғалы жау қуғын сап.
Дариға, кім біледі не боларын,
Аралап ата-баба молаларын,
Жүрем бе, басып кетіп қабіріңді,
Жас шағын ортақ еткен о, достарым!
О, егер болса олай! Кәне, Казбек,
Денемді бораныңмен кем тезірек; .
Иесіз сүйегімді күйрет, лақтыр,
Сайыңда суалып-ақ қалсын жүрек.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызғалдақ

  • 0
  • 0

Өртенген үй орнында
Өскен жалғыз қызғалдақ,
Кез боп қалдың жолымда,
Аялдаттың азырақ.

Толық

Теректің сыйлықтары

  • 0
  • 0

Тауды да, тасты жентектеп,
Дуылдап ұлып, өкіріп,
Долдана жылап өр тентек,
Ағады Терек жөңкіліп.

Толық

Аспанымды бұлт торлап

  • 0
  • 0

Аспанымды бұлт торлап,
Құрыстырды денемді.
Көзімнен жас домалап,
Төктім сонда өлеңді.

Толық

Қарап көріңіз