Бұл бетте «Туылған күн иесіне тілегім» атты Гулназ Кабулова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Туылған күн иесіне тілегім,
Мықты болсын арқа сүйер тірегің.
Құдай қосқан достарымның бәріне,
Зор денсаулық ұзақ өмір тіледім.
Туылған күнің құтты болсын,
Жылдан-жылға ортаң толсын.
Бәріміз бір бас қосайық,
Жора-жолдас құрбы досым.
Туылған күн өткен кешіңде,
Барлығы әлі есімде.
Өткізіп қызық сәттерді,
Тойлатып едік сол кезде.
Айлар өтіп, жылдар өтер,
Туылған күн келер тағы да.
Жасыңа-жас, басыңа-бақ,
Тілеймін адал досыма.
Туылған күнің құтты болсын,
Құт әкелсін басыңа.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі