Ата-анаңды құрметте – Гулназ Кабулова

Бұл бетте «Ата-анаңды құрметте» атты Гулназ Кабулова жазған ата туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.06.2018
  • 0
  • 3
  • 20857
Қаперіңде сақта ұлым,
Ата-анаңды ренжітпе.
Сыйлаған саған өмірді,
Ата-анаңды құрметте.
Бұл өмір саған бір келер,
Қадірін біл сол сәтте.
Өткізіп алма уақытты,
Келмейді қайта бір рет те.
Әкең ғой сенің тірегің,
Анашың болса тілеуің.
Тәй-тәй басқан кезіңнен,
Қолыңнан демеп жүрер кім?
Болса да сені әлдилеп,
Өсірді анаң мәпелеп.
Қадірін біл ананың,
Барында сыйла құрметтеп.
Балам деп соғар жүрегі,
Алладан өмір тіледі.
Ақылды болсын балам деп,
Тәрбиесін береді.
Құлақ сал балам сөзіме,
Әкеңнің тыңда ақылын.
Ата-ана деген екінші,
Алладан кейін тұрады.


Пікірлер (3)

Полатова Жасмина

Өте күшті өлеңдер бірақ кім жазғанын жазбапсыздар

Lagyl

Бұл өлеңді менің анам жазған.

Аруна

Ата-анаңды құрметте өлеңі әдемі жазылған екен, Ата-анаға арналған әдемі, мағыналы өлең

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ата-анаңды құрметте өлеңінің авторы кім?

Гулназ Кабулова — осы өлеңнің авторы.

Ата-анаңды құрметте өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ата-анаңды құрметте өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ата туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ата-анаңды құрметте өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері